• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Мамыр, 2019

Қазақ күресі: Ернар Қабдолдаев «Жетісу бөрісі» атанды

1155 рет
көрсетілді

Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында «Жетісу барысы» атағы үшін қазақ күресінен турнир өтті. Облыстың 16 ауданы мен үш қаласынан қырыққа жуық балуанның басын қосқан жарыста күші тасып, әдісі асқан шеберлер өнер көрсетті.

Боз кілемде қарсыластарын шаң қаптырып, ә дегеннен жарыстың ширек финалына шыққан Ернар Қабдолдаев, Жәнібек Дүйсембаев, Мұхит Қойшыман, Нұрсұлтан Аманжоловтар сияқты балуандар ақтық сында «Жетісу бөрісі» атану үшін аянбай белдесті. Белдесудің өн бойында қарсылас шыдатпаған екі балуан  Ернар Қабдолдаев пен  Жәнібек Дүйсембаев мәре басында жолықты. «Күш атасын танымас» дегендей, бұл белдесуде Ернардың бәсі артық түсіп, жеңіске жетті.

«Жетісу бөрісі» атанған Ернар Қабдолдаев турнирдің бас жүлдесі – автокөлікті ұтып, енді «Қазақстан барысы» жарысында аймақтың намысын қорғамақ. Екінші орын алған Жәнібек Дүйсембаев та «Қазақстан барысында» өнер көрсететін болады әрі бұл турнирде ол 1 млн теңге көлемінде жүлдені қанжығасына байлады. Ал «Жетісудың үшінші бөрісі» атағы жас балуан Нұрсұлтан Аманжоловқа бұйырды.