• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Сайлау 13 Мамыр, 2019

Талдықорғанда Әміржан Қосановты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

1104 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер Әміржан Қосановты қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Әміржан Қосановтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттары жайында әңгіме өрбіп, қоғамдық штаб мүшелері тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Ал облыстық сайлау штабының үйлестірушісі Жүкел Хамай кандидаттың сайлауалды платформасында көрсетілген «Ұлттық дәстүрлерді дамыту және дәстүрлі құндылықтарды сақтау» тақырыбында сөз сөйледі.

 Іс-шара барысында жиынға келген облыстық ақсақалдар кеңесінің өкілдері мен ардагерлер және студенттер  сөз сөйлеп, өз көзқарастарымен бөлісті. Үміткерге аманат жүктеген ақсақалдар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары жайында ұсыныс айтылды.