• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2019

«Балконда жүрген аюға» қатысты ақпараттар белгілі болды

767 рет
көрсетілді

Бұл туралы АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша, 2019 жылғы 9 мамырда шамамен сағат 21.39-да «102-ге» куәгерлерден Назарбаев даңғылындағы 196-шы үйдің 2-ші қабатындағы балконда «аюдың» жүргені туралы хабар келіп түскен. Ал, әлеуметтік желі қолданушылары қонжықты суретке түсіріп,  таратқан  еді. 

Полиция қызметкерлері жоғарыда көрсетілген мекен-жайға келген соң шақыру фактісі расталды.

Істі қарау барысында анықталғандай аюдың иесі Ақтау қаласының тұрғыны М.И.Таласпаева (1977 ж. т.) болып шықты, ол қонжыққа тиесілі барлық қажетті құжатты көрсеткен.

Осы факті бойынша Таласпаеваға бірқатар сұрақтар қойылды. Белгілі болғандай, ол 2019 жылы 8 мамырда циркке үйрету  мақсатында қоңыр аюдың қонжығын Ресейдің  Уфа қаласынан сатып алған.

Одан кейін олар Орал қаласына түнеуге келіп, Назарбаев даңғылындағы 196 үйді жалдаған. Аюдың иесінің айтуынша, кейін олар қонжықты пәтерде қалдырып, азық-түлік алуға шығып кеткен.

Осы уақытта ол балконға шығып, өтіп бара жатқан адамдарды қорқытып үлгерген.

Алайда, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық болмағандықтан бұл мәселеге қатысты ешқандай шаралар қолданылмайтынын  жазды Сәкен Ділдахмет.