• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 14 Мамыр, 2019

Байқаушылар тіркелді

1151 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ОСК-ның кеше өткен кезекті отырысында 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халық­аралық ұйымдардың байқаушы­ларын аккредиттеу туралы мәселе қаралатынын айтты.

Ал бұл туралы Орталық сайлау комиссия­сының мүшесі Зәуреш Бай­молдина түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, 2019 жылғы 6 мамыр­дан Орталық сайлау комиссиясы 4 халық­аралық ұйымнан 45 байқаушыны аккредиттеген. Аккредиттеуге ұсыныстардың түсуіне байланысты ол мәліметтер өз уақытында жаңартылып отырады. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккре­диттеуді Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 3 маусым күні 18.00-ге дейін жүзеге асырады. 2019 жылғы 8 мамырда Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымының Демо­кратиялық институттар және адам құқық­тары бюросы миссиясынан 22 ұзақ мер­зім­ді байқаушыны аккредиттеуге ұсыныс түс­кен. Олардың барлығы аккредиттелуге шыға­рылып отыр. Осының бәрін ескере оты­рып биылғы 7 мамырдан 13 мамырға дейін ұсынылған байқаушыларды қам­титын халық­аралық ұйымның бай­қау­­шы­ларын аккредиттеу жөнінде Орта­лық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы­ 12-бабының 1-тармақшасына, 20-2-бабына сәйкес тиісті қаулы жобасын дайындады. 

З.Баймолдина сондай-ақ бүгінгі күні Сыртқы істер министрлігіне сай­­лауды жария ету мақсатында 25 шетелдік БАҚ-тың 66 өкілі өті­ніш бергенін, олардың 37-сі ак­кре­диттелгенін атап өтті. Жалпы алған­да, Сыртқы істер министрлігінде тұрақ­ты немесе 28 шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 94 журналисі аккредиттеліпті. Ал қазіргі уақытта 67 халықаралық байқаушы аккредиттеліп үлгеріпті.