• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстанда алғаш рет құлақ қуысына ота жасалды

994 рет
көрсетілді

Елордалық білікті хирургтардың қатысуымен сегіз жастағы баланың құлақ қуысына күрделі ота жасалып, сәтті аяқталды.

Бұдан кейін астаналық дәрігерлер шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

«Жыл сайын осы дертке шамамен 150 мыңдай адам шалдығады. Есту мүшесі қабынуының салдарынан кесел асқынып, оның соңы ауыр  керең болып қалу секілді ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін. Құлаққа ота жасау кезінде қолданылатын микроскоп еліміз бойынша үш қалада ғана бар. Соның бірі – Петропавл. Мұндай ота  бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана жүзеге асырылып келген. Бұл құрылғы  құлақтың ісінген, іріңдеген, қабынған жерлеріне ота жасауға мүмкіндік береді», дейді  штаттан тыс бас лор-дәрігер Арман Әбілев.

Облыстық  балалар ауруханасы лор бөлімшесінің меңгерушісі Абзал Бөлекбаев  жергілікті дәрігерлер біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отыратынын, емдеу мекемесі заманауи  медициналық қондырғылармен толықтырылғанын жеткізді. Микроскоппен қоса  микротемпаналдық жиындық, протездер мен шунттар сатып алынған.

Астаналық лор-дәрігерлердің өңірдегі жұмыс сапары бір айға жалғасады.

Солтүстік Қазақстан облысы