• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2019

Петропавлда 3 автобус жанып кетті

946 рет
көрсетілді

БАҚ өкілдерімен өткен брифингте төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысының міндетін атқарушы Игорь Балеев автобустардың өртенуі ток сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алғанын жеткізді.

Н.Назарбаев пен Шухов көшелері қиылысында төртінші бағыттағы автобус толығымен жанып кеткен. Оған компрессордан шыққан техникалық ақау себеп болған. Сегізінші және екінші бағыттағы қоғамдық көліктер электр сымдарының тұйықталуынан отқа оранған.

Оның айтуынша  жыл басынан бері 31 автокөлік отқа оранған. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан осындай оқыс оқиғалар жиі қайталанады. Көліктерде пеш пен кондиционерлер дұрыс пайдаланылмайды. Кей автобустар ескі, тозған.

Жыл басынан бері облыс аумағында 295 өрт оқиғасы тіркеліп, 18 адам көз жұмған.

Солтүстік Қазақстан облысы