• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2019

Шығыстың атынан ән шырқайды

996 рет
көрсетілді

«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының кезекті іріктеуі 12 мамырда Өскеменде өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің қол­дауымен және Әлия Назарбаеваның «Жан­дану әлемі» қорының ұйымдастыруымен шымылдығы түрілген шараға облысымыздың түкпір-түкпірінен 100-ден астам бала қатысып, бақтарын сынады.

Жас дарындарды қолдауға байқаудың 2017 жылғы фина­лисі Дарина Мағауина арнайы келіп, сахнаға шығып, ән шырқап, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Өнерлі балғындардың қарым-қабілетін Q-pop индус­триясының жарық жұлдызы Ziruza мен танымал музыкалық продюсер Фарида Ниязова бағалады. Сонымен, байқаудың ақтық кезеңіне Өскеменнің 10 жастағы тұрғыны Рамила Нұралдинова жолдама алды. Бұл балдырған 4 жасынан бастап ән салып, 6 жасынан бері музыкалық мектептегі сольфеджио мен xореография сабақтарына қатысып келеді екен. Әртүрлі байқауларда бірнеше мәрте гран-при иегері атаныпты. Енді ол байқаудың финалында Шығыс Қазақстан облысының атынан өнер көр­сетеді. Рамила Нұралдинова күз­де Қазақстанның басқа аймақтарының 16 фи­на­лисімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртістік қабі­леттерін арттыратын сабақ­тарға қатыспақ.

 

ӨСКЕМЕН