• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Мамыр, 2019

Елордада екі тәулік ішінде көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды

828 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері «Мастер – жүргізуші қылмыскер» жедел алдын-алу шарасын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жедел алдын алу шарасы жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін жағдайлардың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеу, қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында  ұйымдастырылды.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖАІШ өткізілген екі күннің ішінде полиция қызметкерлері 800-ге жуық жол қозғалыс ережелері бұзылғанын анықтады. Көлікті мас күйінде басқарған  17 жүргізуші ұсталды. Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары қызметкерлері жыл басынан мұндай 300-ден астам жүргізушіні анықтады.

Сондай-ақ, ЖАІШ барысында қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін сақтамаудың 50-ге жуық фактісі, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты 50-ге жуық оқиға, автокөлік құралдарын жүргізу кезінде жүргізушілердің ұялы телефондарды пайдалануына қатысты 30-дан астам жол ережесін бұзу оқиғасы анықталды.