• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Мамыр, 2019

Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары лагерьлерде тегін демала алады

1202 рет
көрсетілді

Жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ мүгедек балалар мектептердің өтінімдері бойынша тегін негізде демалудың, сауықтырудың және жұмыспен қамтудың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылы жазғы демалыс 1-10 сынып оқушылары үшін бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылады. Балалар Ақмола облысы аумағындағы «Боровичок» және «Арман» лагері, Ерейментау ауданы аумағындағы «Батыр» шатырлы лагерінде, сондай-ақ «Тұлпар» киіз үй лагерінде демала алады.  

«Сонымен қатар, 77 мектептің жанында 1-4 сынып оқушыларына арналған мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейтін болады. 5-6 сынып оқушылары үшін мектеп жанындағы «Дидарлы жаз» спорттық-ойын алаңдары жұмыс істейді. 8-10 сынып оқушылары «Айбынды маусым» әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға тартылады», – деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінде. 

Сондай-ақ, мектептерде жұмыспен қамтудың бірнеше түрі ұйымдастырылады: мектеп аумағын көгалдандыру және абаттандыру бригадалары, зияткерлік, шығармашылық және тілдік үйірмелер, шығармашылық конкурстар. Оқушылар сарайларының жанында «Балалардың бойтұмары» жазғы демалыс академиясы және «Жазғы шығармашылық мектебі» ұйымдастырылады. 

Ведомствода атап өткендей, бағдарламаға жүзу элементтеріне оқыту, лингвистика сабақтары, алғашқы шахмат ойынын үйрету, интерактивті парк экспонаттарында жұмыс істеу дағдыларына үйрету, бағдарламалау сабақтары, бейнелеу өнері сабақтары, театр студиясы және т.б. енгізілген. 

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының балалары үшін Алматы қаласында республикалық жыл бойғы «Бөбек» лагері жұмыс істейді. 

«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар, сондай-ақ, мүгедек балалар мектептердің өтінімдері бойынша тегін негізде демалудың, сауықтырудың және жұмыспен қамтудың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі», – делінген қалалық білім басқармасының баспасөз хабарламасында.