• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2019

Өскемендегі ШҚМУ-да әскери кафедра ашылды

1504 рет
көрсетілді

Бұл - Шығыс Қазақстандағы университеттердің ішінде ашылып отырған үшінші әскери кафедра.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде әскери кафедра ашылды. Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кафедраға студенттерді қабылдау басталып та кетіпті. "Әскери кафедра Қорғаныс министрі, генерал-майор Н.Ермекбаевтың осы жылдың 11 мамырындағы №328  бұйрығы негізінде ашылды.  министрі, генерал-майор Н.Ермекбаевтың осы жылдың 11 мамырындағы №328  бұйрығы негізінде ашылды. Бұл - Шығыс Қазақстандағы университеттердің ішінде ашылып отырған үшінші әскери кафедра.  2019 жылдың 20 мамырына дейін өтініш жазып, 30 мамырға дейін медициналық тексеруден, 1-20 тамыз аралығында кәсіби-психологиялық тесттен, физикалық дайындық тексерісінен және конкурстық іріктеуден өткен студенттер 2 курстан кафедраға қабылданатын болады. 2019-2020 оқу жылында «аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау», «құрғақтағы әскерлерде тәрбиелік және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру», «психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша оқыту жүреді. Әскери кадрларды дайындау үшін 2019-2020 оқу жылына 45 грант бөлініп отыр. Оқуларын аяқталған соң әскери кафедра студенттері жоғары оқу орнын бітіргендері туралы дипломмен қатар, запастағы офицер куәлігін алады. Олар қорғаныс министрлігінде, әскери бөлімдерде, әскери полицияда және басқа да мекемелерде жұмыс істей алатын болады», - дейді ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Әскери кафедраның ашылғанына студенттер ерекше қуанып жатыр. «Бұл – оқу ордамыздың 67 жылдық тарихында болмаған дүние. Осы үшін университет ректорына осындағы барша студенттердің атынан алғысымды білдіремін», - дейді осы университеттің студенті Марлен Әбубәкір. Ал оқу орнының тағы бір студенті Қаламқас Дәулетова «Енді бізде де жігіттерімізге әскери сабақ беретін арнайы әскери кафедра бар. Бұл – қуанышты жағдай. Қыздарға да осындай әскери кафедра ашылса жақсы болар еді» деп ұсынысын айтыпты.

ӨСКЕМЕН