Бүгін Англияның Манчестер қаласында таеквондодан әлем чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде үш салмақ дәрежесіндегі спортшылар бақ сынайды.
Өкінішке қарай, алғаш болып даянгке шыққан 46 келідегі Айнұр Ошбаева ұлыбританиялық Джордин Смиттен ұтылды.
58 келідегі Елдос Ысқақ алғашқы айналымда перулік қарсыласын 29:4 есебімен жеңген.