• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Сайлау 15 Мамыр, 2019

Сенімді өкіл сайлаушылармен кездесті

1388 рет
көрсетілді

Қызылорда облыстық штабының мүшесі, Nur Otan партиясы атынан Қазақстан Президентігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілі Наурызбай Байқадамов «ҚазПочта» ұжымымен кездесті.

Ол өз сөзінде Тоқаевтың еңбек жолдары, еліміздің экономикалық тұрғыда өсуіне қосқан үлесі, саяси тұлғалығы жөнінде жан-жақты баяндады. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы Сабақтастық, Әділеттілік, Өрлеу атты негізгі үш бағытының өзектілігін жеткізді.

Қазақстанның Тәуелсіздік алуындағы, қалыптасуындағы және нығаюындағы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген мақсатқа жетудегі бағдарламалық жұмыстардың жалғастырушысы Қасым-Жомарт Тоқаев екенін айттып, алдамыздағы саяси науқанда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдап, дауыс беруге шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар түрлі сауалдар қойып, сұрақтарына жауап алды.