• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2019

Қарағандыда отбасылық денсаулық орталығы ашылды

946 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданында отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Жаңа амбулаторияның бір ауысымда 100 емделушіні қабылдауға әлеуеті жетеді.

Медициналық нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған. Заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген амбулаторияда емделушілерге бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетілетін болады. Мұндағы бағалар да қарапайым халықтың қалтасын қақпайтындай қолжетімді деңгейде. Медициналық қызмет түрлерінің бағасы облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бақыланып отырылады.

Атап өтетін бір жайт, Майқұдықта бой көтерген бұл амбулатория қадамдық қолжетімділік қағидаты негізінде бастапқы медицналық-санитарлық көмекті дамыту жоспары аясында салынуға тиіс 18 нысанның алғашқысы.