ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне 50 отбасыға азық-түлік таратылды.
- Рамазан – мейірімділік айы. Алла Тағаланың разылығына бөлейтін ізгі амалдарды молынан жасап, сауапқа ұмтылатын ай. Осындай берекелі айда мұқтаждарға қамқорлық таныту мақсатында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру - Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының негізгі тапсырмаларының бірі. Аталмыш шара алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Рамазан айы баршаңызға құт-берекесін алып келсін. Ораза мүбарак болсын, – деді Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы.
Қайырымдылық қоры әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көп балалы отбасыларға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік қалтасын үлестіріп, алғысын алды.