• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

Зауыт жұмысшылары жалақыларын даулап, төленуін талап етті

860 рет
көрсетілді

«ЗИКСТО» АҚ кәсіпорнының жұмысшылары құқық қорғау органдарына арызданып, жалақының кешіктіріліп жатқанын ашына жеткізген.

Мәселеге прокуратура, еңбек инспекциясы араласып,  еңбекақы қарызы 95 миллион, электр энергиясы үшін  40 миллион теңге болғанын анықтаған. Оның басты себебі Ресейден сатып алынатын қосалқы бөлшектер бағасының тым қымбаттауына байланысты екітараптық  келісімшартты үзуге тура келген.

Зауыт директоры Ренат Шамсуддинов, прокуратура өкілдері мәселенің  маусым айына дейін шешіліп, ахуалдың тұрақтанатынына уәде берді.

«Кәсіпорын  жүк вагондарын шығарумен айналысады. Былтыр ешқандай кідіріс болған жоқ. Биыл жыл басынан бері өндіріс цехтары тоқтап тұр.  Басшылық тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудің орнына сыныққа сылтау іздегілері келеді. Шыдамның да шегі бар емес пе? Бала-шағамызды асырап, кредит төлеуіміз керек», дейді ынталы топтың мүшелері.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі facebook парақшасында кәсіпорынға қатысты  өз пікірін білдірді.

«ЗИКСТО» зауытында еңбекақы бойынша қарыз вагон құрастыру үшін қажет бөлшектердің дұрыс жеткізілмеуінен туындап отыр. Қазір балама жолдарын іздестіріп жатырмыз. Біз зауыт жұмысшылары құқығының бұзылуына жол бермейміз. Жұмыс беруші өз қызметкерлері алдындағы барлық міндеттерін орындайтын болады. Зауыт басшылығы жақын арада қарызды жабуға уәде етті. Жағдайды  өз бақылауымда ұстаймын», делінген әлеуметтік желідегі парақшасында.