• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

«Невада-Семей» бірлестігі мүшелері Үндеу жариялады

910 рет
көрсетілді

Қызылордада «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда өкілдігінің мүшелері Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдайтындықтарын айтып үміткердің облыстық штабына келді.

Үндеуде: «Қасым-Жомарт Кемелұлы – аты дүниежүзіне мәлім, дипломатиялық қызметтің барлық сатысынан өтіп, Біріккен Ұлттар Ұйымында еліміздің өкілі болған тәжірибелі саясаткер. Қиын экономикалық кезеңде премьер-министр қызметін атқарған. Халықтың өмір сүру сапасы мен қаражат табысын қалайша арттыру керектігін жақсы түсінетін жанашыр.

Өзінің «Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында Қасым-Жомарт Тоқаев әр қазақстандық азаматқа тең мүмкіндік берілетініне баса назар аударған. Бұл ұстаным қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды.

Сондықтан біз, «Қызылорда – Невада – Семей» қоғамдық бірлестігі мүшелері, «Nur Otan»партиясының атынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймыз. Барлық қызылордалықтарды татулық пен бірлікке және басты құндылықтарымызға құрметпен қарауға, Үндеуімізді қабыл алып, Тоқаевқа дауыс беруге шақырамыз»,-делінген.