• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

«Каспий» футбол клубы халықаралық жарыста жақсы нәтиже көрсетті

911 рет
көрсетілді

Халықаралық жарысқа алғаш рет қатысқан 12 жастағы жасөспірімдер құрамасы Хорватия Республикасы, Сплит қаласында өткен турнирде үздік бестікке енген.

Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Каспий» футбол клубының жаттықтырушысы Амантай Қошай мәлімдеді.

Мамырдың алғашқы күндерінде Хорватия елінде өткен халықаралық турнирге Польша, Әзірбайжан, Украина, Сервия елдерінен және алаң иелерін қосқанда жиырмаға жуық команда қатысқан. Жасыл алаңда «каспийліктер» 4 ойын ойнап, оның біреуінде жеңіске жетіп, бір ойынды тең дәрежеде аяқтаған. Сонымен қатар, команда Қазақстан чемпионатына да биыл алғаш рет қатысуда. Бес турдан тұратын ойынның алғашқысы Өскемен қаласында өткен, мамырдың 17-сінде Алматы қаласына аттанатын команда мүшелері «Тараз», «Семей», «Оқжетпес», «Ақжайық» командаларына қарсы ойнайтын болады. 

Тамыз айының соңына дейін ел чемпионаты аясында бұл команда 16 рет жасыл алаңға шығады. Жаттықтырушылардың айтуынша халықаралық жарысқа қатысу арқылы команда көп тәжірибе жинаған. Қазіргі таңда команда құрамында 24 ойыншы бар. Олардың футболға деген ықыластары мен жеңіске деген ұмтылыстары ерекше дейді жаттықтырушылары. Сондай-ақ жаттықтырушылар мен ойыншылар облыстық спорт басқармасы мен Ақтау қаласы әкіміне алғыстарын білдірді.

Маңғыстау облысы