• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2019

Шымкентте стенд атудан Қазақстан Спартакиадасы өтіп жатыр

911 рет
көрсетілді

19-27 мамыр аралығында Шымкент қаласында стенд атудан еліміздің V Спартакиадасы өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Мергендер сайысына жалпы есебі 70 спортшы қатысуда. Олардың арасында ұлттық құраманың үздіктері де бар. 

Турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан спортшылар келген. 

Еске сала кетейік, стенд атудан лицензиялық турнирлерде қазақстандық спортшылар әзірге көзге түсер емес. Оңтүстік Кореяда өткен әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай 5-ші орын иеленді.