• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 22 Мамыр, 2019

Анар Абылқасова Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды

904 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Анар Сайранқызы Абылқасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

А. Абылқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.

2000–2004 жж. — Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, аға оқытушысы.

2004–2009 жж. — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, доценті.

2009–2015 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында жұмыс істеді: Хатшылық сарапшысы; Талдау орталығының сектор меңгерушісі, консультанты; Ситуациялық орталықтың сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2015 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.