• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2013

Шат жүзіңді мұң шалмасын, бүлдіршін!

307 рет
көрсетілді

Шат жүзіңді мұң шалмасын, бүлдіршін!

Бейсенбі, 10 қаңтар 2013 7:15

Облыс орталығында өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды. 50 кереуеттік орталық Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары­­­на қызмет көрсететін болады. Алдағы уақытта медицинаның озық технологияларымен жабдықталған орталықта жылына шамамен 2500-ге жуық ота жасалмақшы. Балалардың жүрек ауру сырқатына да, тіпті, туа біткен жүрек ақауы бар жас сәбиге де оталар осы орталықта жасалады, дейді мамандар. 

Бұл күндері өңірде жүрек ауруларына шалдыққан 600 бала есепте тұрса, оның 150-іне ота жасалуға тиіс.  Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімдер 19 пайызға төмендеген.Елбасының биылғы  «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы Жолдауында медициналық қыз­меттердің сапасын арттыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру, балала­рымыздың денсаулығын қамта­масыз ететін жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу жөнінде нақты міндеттер айқындалған. Жаңа орталықта Ре­­­сейдің Түмен об­лыстық ауруханасы кардио­хи­рур­гиялық бө­лім­­­шесінің меңге­ру­шісі К.Горбатиков  төрт операция жасады. Ал, жер­гілікті кардиохирургтер Ресей, Беларусь, Израиль, Югославия елдерінде тәжі­рибелерін шың­­­дап, білікті­лік­терін жетіл­діріп келіпті. Олардың бесеуі – «Болашақ» бағ­дарла­ма­сы­ның тү­лектері.Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан».Павлодар облысы.