• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Мамыр, 2019

Елордалық пара-каратэшілер 16 медаль еншіледі

867 рет
көрсетілді

Елордада пара-каратэ бойынша халықаралық «Nur-Sultan Open 2019» инклюзивті турнирінің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Додаға Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан 500-ге жуық спортшы қатысты. Елордалық команда сапында барлық мүгедектік түрі бойынша әртүрлі жастағы пара-каратэшілер күш сынасты. Ережеге сәйкес, жекпе-жектерге тек денсаулығы бойынша шектеу қойылмаған қатысушылар ғана жіберілді. 

Шара ұйымдастырушылары – Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, WKF каратэ-до және дәстүрлі жауынгерлік өнер федерациясы мен «Асыл Бала» қауымдастығы. Турнирге пара-каратэден Әлем чемпионы, РФ Балалар құқығы жөніндегі қоғамдық палатасының мүшесі, протезбен 42 шақырым жүгірген марафоншы Сергей Бурлаков қонақ ретінде шақырылды. Танымал спортшы өз өнерін көрсетіп, елордалық мүгедектігі бар балаларға арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Әсия Тұрсыноваға «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлықты табыстады.