• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Мамыр, 2019

Әуесқой бокс Олимпиада бағдарламасында қалатын болды

1598 рет
көрсетілді

​Халықаралық Олимпиада комитеті Лозаннада (Швейцария) өткен кезекті жиынында әуесқой бокс 2020 жылы Токиода (Жапония) ұйымдастырылатын Олимпия ойындарының бағдарламасында қалатынын мәлімдеді.
2018 жылдың қараша айында ХОК әуесқой боксшылардың Токио Олимпиадасына жолдама беруші жарыстарға қатысуына шектеу қойып, AIBA-ны Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелігінен шығарған-ды. Осылайша, әуесқой бокс алты айға созылған «нокдауннан» кейін есін жыйды. Енді боксшылардың Олимпия ойындарына іріктеу жарысы мен Олимпияда кезінде бокс жекпе-жектерін ұйымдастыру – Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэге тапсырылды. Сонымен қатар Олимпиадаға жолдама беруші турнирлер 2020 жылдың қаңтар мен мамыр аралығында өтеді деп жоспарлануда. Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті Токио Олимпиадасына бұрынғыдай 286 боксшы қатысатынын мәлімдеді. Бірақ ерлер мен қыздар арасындағы салмақ дәрежелері өзгеретіндігі туралы ешқандай мәлімет берген жоқ. Бұған дейін ерлер арасында 2 салмақ дәрежесі қысқарып, қыздар бәсекесінде 2 салмақ дәрежесі қосылуы мүмкін делінген еді.