Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық орталық мешітінде Ким Эдуард есімді кәріс азаматы 250 адамға ауызашар берді. Ақ дастархан басында К. Эдуард сөз сөйлеп: «Адамгершілік құндылықтар барша адамзатқа ортақ асыл қасиет. Барлық адам тек ізгіліктің жаршысы болуы тиіс деп ойламын. Исламдағы имани құндылықтар адам баласына үлкен өнеге» дей келе, бауырмал, қонақжай қазақ ұлтын сыйлап, дәстүрлі исламды құрметтеп ауызашар беріп отырғандығын жеткізді. «Ол сонымен қатар дастархан үстінде өткен танымдық сайыстың жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті. Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы ауызашар дастарханын жайған Ким Борисұлына мешіт жамағаты атынан алғыс білдірді. Аузашарға жиналған халыққа тегін такси қызмет көрсетті» деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысы