Таразда баскетболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы құрлық чемпионатына Орталық-Азия аймақтық іріктеу сыны аяқталды. Турнирдегі соңғы матчта Өзбекстаннан басым түскен Қазақстан командасы Азия чемпионатына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Өзбекстанмен өткен кездесу біздің спортшылар үшін өте маңызды болатын. Өйткені, тап осы матчтан соң құрлықтық сынға кімдердің баратыны анықталды. Финалға дейін қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан өзбекстандықтар ақтық сында 49:82 есебімен біздің командаға жол берді.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан бірінші, Өзбекстан екінші, Түркменстан үшінші орын иеленді.
Қазақстан сапынан 15 ұпай жинаған Стефан Романенко үздік ойыншы атанды.