Ресейлік сенатор форум әлемдік және аймақтық ауқымдағы өзекті мәселелерді талқылауға қажетті пікірталас алаңына айналғанын атап өтті.
«Форум өсіп-өркендеп, даму үстінде, саны жағынан да, қатысушылар деңгейі жағынан да, пікірсайыстар ауқымы жағынан да қуатты шараға айналып келеді», - деп атап өтті ол. ЕАМФ ауқымы кең, сұранысқа ие күн тәртібін өрбіте түседі деп есептейді Федерация Кеңесі комитетінің төрағасы.
Д. Назарбаева Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконың ЕАМФ қатысушыларына арналған құттықтау сөзі мен форумға қатысқаны үшін К.Косачевке алғыс айтты. Құттықтауда «өзекті мәселелер жөніндегі форумның пікірі Еуразия аясынан тыс жерлерде естілетініне» сенім білдірілген болатын.
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың теңдесі жоқ әлеуетін атап өтті. Парламентаралық үнқатысу туралы айта келіп, тараптар Парламент Сенаты мен Федерация Кеңесінің салалық комитеттері арасындағы ынтымақтастықтың тиімді сипатына тоқталды және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысы нәтижелі болып келе жатқанын атап өтті. Комиссияның 14-ші отырысы 24-25 мамырда Алматыда өтеді.
Қ. Косачев сондай-ақ Сенат басшысына Ресей Федерациясына сапармен келуге шақыруын жеткізді.