• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2019

Кербұлақ ауданында 5 балалы ана баспаналы болды

884 рет
көрсетілді

Жетісу өңірінде қалталы азаматтардың қолдауымен баспаналы болған көп балалы отбасының саны тағы біреуге көбейді. Бұл жолғы қоныс тойы Кербұлақ ауданының Шұбар ауылында өтті.

Осы ауылдың тұрғыны, бес баланың анасы Раиса Бейсенбаева «Архар» шаруа қожалығының басшысы Талғат Жетеновтің қолынан төрт бөлмелі үйдің құжатын алды.

- Жолдасыммен, бес баламмен пәтер жалдап, күн кештік. Табысымыз тіршілігімізге жетті. Баспана қиындығын көрсек те, балаларымыздың лайықты білім алып, дені сау ұрпақ болып өсуін ойладық.  Бір балам студент, үшеуі оқушы, ал кішісі алты жаста. Енді өзіміздің жеке үйіміз бар. Көп балалы ана екенімді ескеріп, осындай үйдің кілтін табыс еткен Талғат Нұрлыжанұлына мың алғыс, – дейді әулеттің анасы.