• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2019

Бүгін елордада 6 мың түлек үшін соңғы қоңырау соғылды

1013 рет
көрсетілді

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 6274 адам мектеп бiтiредi. Бүгін қаладағы барлық мектептерде түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлады.

Қазiргi уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 5856 оқушы (93,3 %) ниет бiлдiрiптi. Оның ішінде қазақ тілінде 5791 оқушы тапсырса, орыс тілінде – 2068, ал ағылшын тілін 12 оқушы таңдаған.

Айта кетейiк, өткен оқу жылы 5329 түлектер ішінен ҰБТ-ға 90,7%-ы қатысты.

Сол сияқты «Алтын белгіге» 324 түлек үмiткер болса, үздiк аттестаттауға 352 адам қатыспақ. Ɵткен жылғы кɵрсеткiшпен салыстырар болсақ, «Алтын белгі» иегерлер саны – 301,  үздік аттестат – 322 адам.

Биыл түлек саны ең кɵп №54 мектепте тiркелген – 151 түлек. Ал «Алтын белгі» төс белгісіне үміткерлердің ең көбi №1 мектепте жəне Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (16 адам), №48 мектепте (13 адам), №69, №62 және Нұр Орда мектептерінде (11 адам), №61 мектепте және БИЛ (ұлдар) – 9 адамнан тiркелген.

 «Үздік Аттестат алатын үміткерлер: 30 түлек - Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, БИЛ қыздар – 21 түлек, Нұр Орда – 20, БИЛ ұлдар – 19, №51 және Назарбаев Зияткерлік мектебінде (Халықаралық Бакалавриат) – 12 және №1, №17, №56, №66 мектептерде 11 түлектен бар»,- деп көрсетеді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.