Облыс орталығында «Baby Star-3» атты еңбектеу жарысына 6 айлық және 1 жарым жастағы кішкентайлар қатысты. Жастар бастамаларын дамыту орталығындағы Еңбектеуден өткен мини-чемпионат биыл үшінші рет өткізілді.
Таңғаларлық әрі өте қызықты. Бір бала тез еңбектесе, енді бірі баяу, тағы бірі тіпті, басқа жаққа қарап қалады. Анасын көре қалса, сол жаққа қарай еңбектей жөнелетінін көріп, күлесің.
Еңбектеу жарысына Шадияр Қасым, Елмаз Айдаров , Омар Сәрсембай, Медина Нұрлан, Иса Зуратұлы, Әділет Қабдыкәрім секілді басқа да кішкентайлар қатысты. – Ең бастысы – сәбиді қызықтыра білу. Бірден жарыс жолына түсіп, еңбектей жөнелетін зейінді сәбилер де бар, – дейді ұйымдастырушылар.Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды 10 метр қашықтықты 1 минут 12 секундта еңбектеп шыққан Надир Нығматуллин жеңімпаз атанды. Ал 2-орынды – Сара Қарағожинова, 3-ші орынды – Әлішер Классен есімді сәбилер алды.
Барлық қатысушы отбасыларды орталықтың серіктестері «Антошка» ойыншықтар дүкені, «Megakids» балалар дамыту орталығы, «De Mode Kids» балалар киім дүкені, «Айя» мерекелік орталық, «Baby Shop Pvl» балалар тауарлары дүкені, «Baby Style» балалар сұлулық салоны арнайы аталымдармен қоса, арнайы сыйлықтармен марапаттады. Павлодар