Гарнизонның әскери қызметшілері егде жастағы және қариялар интернат үйін шефтілікке алды. Олар бірнеше жыл бойы интернат үйіне барынша жәрдем және қолдау көрсетуде. Мұнда 120-ға жуық адам тұрады.
-Жігіттер үнемі бізге келіп, шаруашылық бойынша көмек көрсетеді, қызметтері туралы оқиғаларымен бөліседі. Кездесулер мен концерттер өткізеді. Жігіттердің Отанына қызмет етіп, бізді де әсте ұмытпайтындары қуантарлық жәйт, деді ҰОС ардагері Н. Славов.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисиновтің айтуынша, қарт адамдарға қамқорлық көрсету маңыздылығын түсіне отырып, еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ұдайы негізде әртүрлі қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыруға тырысады, балалар үйі мен жалпы білім беру мекемелеріне, қарттар үйіне, сондай-ақ ҰОС-тың ардагерлеріне шефтік көмек көрсетеді.