• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Мамыр, 2019

Таэквондодан Римде өтетін гран-при кезеңіне Қазақстаннан кімдер қатысады?

854 рет
көрсетілді

Таэквондошылар әлем чемпионатындағы аздаған үзілістен соң халықаралық жарыстар тізбегін қайта бастайды. Жақын күндері ұлттық құрама өкілдері Италияға аттанбақ деп жазады Olympic.kz.

6-8 маусым аралығында Италияның Рим қаласы таэквондодан әлемдік Гран-при кезеңін қабылдайды. 

Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысады. Нақтылап айтар болсақ, 80 келідегі Нұрлан Мырзабаев, 87 келідегі  Смайыл Дүйсебай және +87 келі салмақтағы Руслан Жапаровтар рейтингілік турнирден ұпай алуға тырысады. 

Ал қыздар командасының өкілі Жансель Дениз жарақатына байланысты Римдегі турнирден тыс қалмақ. 

Манчестердегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, 74 келі салмақтағы Қайрат Сарымсақов келесі Гран-при кезеңіне қатысады деп жоспарлануда.