Бұрын көп байқалмаған көбелектердің көбеюі жұртшылықтың көңілін алаңдатқан. «Республикалық фитосанитариялық диагоностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің агроном-энтомолог маманы Асылхан Тосқынбайұлы одан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтады.
«Оны ошағаншы көбелегі деп атайды. Ол далалық санатына жатқызылады. Көбелектің аталған түрі Қызылорда облысының екі шетіндегі Арал және Жаңақорған аудандарынан өзгесінде байқалып отыр. Ол Қызылқұм беткейінен келді деген болжам бар. Бұл көбелек мыңжапырақ, түйетікен, сарықалуен, ақбасты жусан және кейбір ағаштың жапырақтарымен қоректенеді. Ошағаншы көбелегі табиғатқа зиянсыз. Десе де, оның құрттары ауыл шаруашылығына зиян алып келуі мүмкін. Қазір бұл көбелектер біздің өңірде қорек іздеп жүр. Олардың қоныстану мерзімі сәуір мен қазан айларының аралығын қамтиды», - дейді ол.
Қызылорда облысы