«Құтты мекеніміздің 150 жылдық мерейтойына арналған көптеген іс-шара атқарылып келеді. Өздеріңізбен сол шаралардың куәсі болып отырғаныма қуаныштымын. Қаламыз күннен-күнге көркейіп, даму үстінде. 150 жыл ішінде Ақтөбе еліміздің ірі шаһарларының біріне айналуы үлкен мақтаныш әрі абыройлы нәтиже» деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
В.Ф.Зинченко – 1874 жылы Вознесенск қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген, азаматтық соғыстан кейін халық шаруашылығын дамытуға, ең алдымен, Қазақстандағы темір жол көлігін қалпына келтіруге белсене қатысқан.
Сонымен қатар, өңір басшысы Оңдасын Оразалин Ш. Берсиева көшесінде салынған жерасты өткелінің ашылу салтанатына қатысты. Жаңа жерасты өткелін «TransMostGroup» ЖШС қаланың мерейтойына сыйға тартты. Облыс әкімі өңірдің дамуына үлестерін қосқан азаматтарға «Ақтөбенің 150 жылдығы» төсбелгісін табыстады. Аталған игі шара, әсересе, осындағы жергілікті тұрғындар үшін қуанышты жағдай болып отыр.
Бұдан соң, аймақ басшысы «Сельмаш» ауданындағы автокөліктердің жүруіне арналған көпір құрылысының жұмысымен танысты. Құрылыс өткен жылдың наурыз айында басталған. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп, жалпы 19 айда аяқталуы тиіс. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мердігер мекемеге жұмысты қарқынды әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Аталған көпір күре тамыр іспеттес болғандықтан, автокөліктердің еркін жүруіне тездетіп жағдай жасау қажеттігін айтты.