Мемлекет басшылары екіжақты байланыстарды және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Біз Молдовамен ынтымақтастықты нығайтуға және сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі кеңейтуге ниеттіміз. Өзара қарым-қатынастарымызды дамыту үшін бізде барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Молдова Республикасының Президенті жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдіріп, мемлекетаралық диалогтың жемісті сипатын айтты.
– Елдеріміз арасында достық қатынастар орнаған. 30-дан астам екіжақты келісімдерге қол қойылды. 12 құжат қаралуда. Молдова үшін Еуразиялық экономикалық одақпен интеграциялық үдеріс маңызды саналады. Бұл бағытта біздің алдымызда ауқымды жұмыс тұр, – деді Игорь Додон.