• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 29 Мамыр, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

1024 рет
көрсетілді

Елбасы шағын құрамдағы басқосудан кейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу тарихына тоқталып, интеграциялық бірлестіктің Еуразия кеңістігінде қалыптасуының негізгі нәтижелерін атап өтті.  

– Біз бес мемлекеттің күш-жігерін жұмылдырып, орасан зор аумақта бірегей экономикалық одақ құрдық. Біздің бизнес қауымдастықтарымыз тығыз ынтымақтасып, Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін пайдалануда. Қазақстанда Одақ елдерімен бірлесе құрған кәсіпорындардың саны 11 мыңға жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тең әріптестік пен бір-бірінің нарығына еркін кіруге қатысты Одақтың реттелмеген мәселелеріне тоқталды.

Әлемде қалыптасқан жағдайға және өңірлік үрдістерге байланысты, Нұрсұлтан Назарбав интеграциялық үдерісті одан әрі дамытуға қатысты өз ойын ортаға салды.  

Елбасы бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев мүше-мемлекеттердің ішкі өндірісін дамытуға бағытталған «ақылды интеграцияны» жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. 

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев халықтарымыздың игілігі үшін интеграциялық бірлестікті одан әрі дәйекті дамытудың маңыздылығын атап өтті.