• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2019

Сырдың жастары сыртта оқиды

928 рет
көрсетілді

Қазақстан талантты жастарды шетелдің маңдайалды оқу орындарында оқытып, мамандық алуына жағдай жасап келеді.
2014 жылдан бастап Ресейдің жетекші инженерлік жоғары оқу орындарына РФ үкіметінің гранты есебінен қызылордалық 500-ге жуық түлек оқуға қабылданған болатын. Былтыр алғашқы 32 түлек оқуын аяқтап, елге оралды. Олар қа­зіргі таңда өңірдің жетекші кә­сіп­орындарында жұ­мыс істеп жатыр. Ал 42 тү­лек оқуын магистрату­рада жал­ғас­тыр­ды. Биыл тағы 123 түлек оқуын тәмамдайды деп күтілуде. 2018 жылы Мәскеу және Санкт-Пе­тер­­бургтің жоғары оқу орында­рына 58 қызылордалық жас оқуға түсті. Биыл Қызылордада Назарбаев зият­керлік мектебінің базасында әлем­нің үздік жоғары оқу орындарына түсуге дайындайтын орталық ашу жоспарланып отыр. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев дарынды түлектермен кездесу барысында осылай деді.

Бұл кездесуге республикалық және халықаралық байқау­лар­дың, олимпиадалардың 55 қа­ты­су­шысы шақырылған еді. Олар биыл 58 жүлде, атап айтқанда, 15 ал­тын, 13 күміс және 30 қола медаль алған болатын. 

Өңір басшысы жастармен ай­мақ­­тың дамуы туралы әңгіме­ле­сіп сұрақтарына жауап берді.

– Екінші жыл қатарынан біз­дің мектеп түлектерінің 97%-ы жо­ға­ры оқу орындары мен кол­лед­ж­дер­ге түседі. Енді кем дегенде облыс­тағы мектеп бітіру­шілердің 50%-ы жоғары оқу орындарына, оның ішінде шетел­дік университет­тер­ге де түсуін көздеп отырмыз. Мақ­са­тымыз – аймақ жастарының Гар­вард, Йель және Массачусетс уни­вер­­ситеттерінде білім алуы­на жағдай жасау. Сондай-ақ талант­­ты жастарға кәсіпкерлік, дизайн, коммуникация сияқты сала­­ларда жаңа технологияларды енгізіп, қолданатын Ресейдің «Кван­­ториум», «Сириус» секілді ірі орта­лықтардың тәжірибесін меңгеруі өте маңызды – деді аймақ басшысы.

Осы мақсатта қызылордалық оқу­шыларды «Болашақ» бағдар­ла­масының түлектері құрған елор­да­лық «Astana Garden Scho­ol» жекеменшік мектебінде оқы­туды ұйым­дастыру және Назарбаев зият­керлік мектебінің база­сында оқушыларды шет мем­ле­кеттегі іргелі университеттерге түсуге дайын­дайтын арнайы орта­лық ашу жос­парлануда. Бұл тәжірибе 2016 жыл­дан бастап елордада жүзеге асырылып жатыр.

Жастар саясаты жөніндегі бас­­қар­маның басшысы Қуа­ныш Жанұзақов биыл 117 бітірушінің 53 түлегі «МБжҚИ» ұлт­тық зерттеу тех­ноло­гия­лық университетін, 41 түле­гі К.А.Тимирязев атын­да­ғы Ресей мемлекеттік аграрлық уни­верситетін, 23 түлегі Санкт-Петербург қаласындағы Тех­но­ло­гия және энергетика жоғары мектебін тәмамдайтынын айтты. Олар «Нанотехнология және микро­системалық техника», «Метал­лургия», «Техно­ло­гиялық маши­налар мен жаб­дық­тар», «Электр энергети­ка­сы және электро­тех­ни­ка», «Агро­ин­женерия» және тағы бас­қа 22 мамандық бойынша білім алған. Олардың 50-і магистратурада оқуын жалғастыруды жоспарлап отырса, 67 түлек елге оралмақ. Осыған орай, «Биыл өңірде агроөнеркәсіп кешені саласында 76 жоба іске асыры­лу­да. Аймақта іске қосылуы жос­пар­лан­ған 4 жоба бойынша 400-ден аса адамды жұмыспен қамту жос­парланған. Жас мамандар осы жобалар және басқа да ірі кә­сіпорындар мен мекемелерде жұ­мыспен қамтылуы тиіс», деді облыс әкімі.

Қызылорда облысы