Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталды. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша үш қазақстандық спортшы финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
Милад Карими еркін жаттығудағы іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады. Осы бәсекеде сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Ілияс Азизов үшінші орында. Екі гимнаст та финалда сынға түседі.
Гимнастикалық ат снарядында Нариман Курбанов пен Ілияс Азизов ақтық сынға жолдама алды. Олар іріктеу кезеңін төртінші және бесінші орынмен тәмамдаған.
Әлем кубогі кезеңінің финалдық бәсекелері 1 маусым күні өтеді. Бүгін тағы үш жаттығу бойынша іріктеу сындары басталатынын хабарлаймыз.