• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Экономика 31 Мамыр, 2019

Мұнай өндіру және уран өндірісі қайта жаңғырады

1524 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік–экономикалық дамуының Кешенді жоспары өңірдің негізгі мәселелерін, оның ішінде өндіруші өнеркәсіпті дамытуды қамтиды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов өңірлік коммуникациялар қызметінде 2019-2022 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары туралы брифингте айтты.

- Бүгінгі күні Қызылорда облысында қолданыстағы мұнай-кен орындары 50%-ға сарқылған, сондықтан «Оңтүстік Торғай», «Сырдария» және «Шу-Сарысу» кен орындарында 5 мың метрден аса тереңдікте бұрғылауды жүзеге асыру ұсынылды. Бұл үшін 11 млрд теңгені қажет ететін тиісті геологиялық - барлау зерттеулер жүргізу қажет. Бұл жұмыстар өз кезегінде жаңа кен орындарын игеріп қана қоймай, сонымен қатар, мұнай сервистік жұмыстардың көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған 3 кен орнында геологиялық зерттеуге 2020 жылға 3,5 млрд теңге қарастырылады, - деді Қуанышбек Ысқақов.

Бұдан басқа, Кешенді жоспарға Қызылорда облысының жер қойнауын пайдаланушыларына ішкі нарыққа мұнай жеткізу ауыртпалығын төмендету бойынша мәселе енгізілді. Өңірдің мұнай-газ секторында мұнай өндіру көлемінің азаюымен қатар өңірдің мұнай компаниялары өндірілген мұнайдың 80% ішкі нарықта төмен бағада сатуға мәжбүр. Өндірілген өнімді сатуда мұндай ара-қатынас мұнай операторларының тапқан табысының бір бөлігін жаңа кен орындарын барлауға және бұрғылауға, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге бағыттауға мүмкіндік береді. Экспорт үлесін 50 пайызға дейін ұлғайту мұнай операторларына алынған пайданың бір бөлігін жаңа кен орындарын барлау мен бұрғылауға, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге жіберуге мүмкіндік береді.