• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2019

Маңғыстауда ралли-рейдтер бойынша әлем кубогы өз мәресіне жетті

887 рет
көрсетілді

Кеше Ақтау қаласында теңіз жағалауында FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының «Ралли Қазақстан 2019» ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңінің салтанатты мәресі өтті. Шиеленіске толы алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша катарлық автошабандоз Нассер Әл-Аттия штурманы Матье Бомельмен бірге жеңіс тойын тойлады, екінші орынды ерлі-зайыпты Стефан мен Андреа Петерансельдердің экипажы иеленсе, үздік үштікті Якуб Пшигонски мен Тимо Готтшальк түйіндеді.

Ралли-рейд Маңғыстау облысының аумағында 27 мамыр мен 1 маусым аралығында өтті. «Ралли Қазақстан 2019» жарыс бағыты алты кезеңге бөлінді және шабандоздар дала жолдары, құм жоталары және жолсызбен барлығы 2500 километрден астам қашықтықты бағындырды.

«Ралли Қазақстан 2019»-да барлығы әлемнің 17 елінен (Белгия, Бразилия, Германия, Катар, Испания, Италия, Нидерланды, Португалия, Ресей, Сауд Арабиясы, Словакия, Түркменстан, Чехия, Чили, Франция) 28 экипаж бақ сынады. Жарысқа Қазақстан атынан 3 спорт экипажы қатысты.