• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2013

Қазақстан халқы Ассамблеясы XX сессиясына қатысушылардың ел азаматтарына үндеуі

362 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы XX сессиясына қатысушылардың ел азаматтарына үндеуі

Жұма, 26 сәуір 2013 2:45

Құрметті отандастар!

Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдағы тарихи жолын айқындаған оқиға болды.

Біздің басты жетістігіміз – біз тәуелсіз Қазақстан құрдық!

 

Жұма, 26 сәуір 2013 2:45

Құрметті отандастар!

Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдағы тарихи жолын айқындаған оқиға болды.

Біздің басты жетістігіміз – біз тәуелсіз Қазақстан құрдық!

Жаңа Жолдауда Қазақстан халқының бас­ты мақсаты белгіленген, ол – күшті мемлекет  негізінде дамыған экономикасы мен жалпыға ортақ еңбек мүмкіндігі бар игілікті қоғам құру.

Қазақстандық патриотизм – Жолдаудағы міндеттер мен мақсаттарды орындаудың негізгі шарты – жаңа мазмұнмен толығып, мемлекет пен азаматтардың өзара сенімі негізінде мақсаттарын біріктіре отырып жаңа сапаға ие болуда.

Қазақстан халқымен дәйекті де про­грес­сивті даму үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік негіздер қалыптастырылып отыр. Базалық шарт ұлттың рухани байлығы мен қуатты жасампаздық әлеуеті болып қалу­да. Біздің мемлекеттілігіміздің, біздің тәуел­сіздігіміздің негізіне толеранттылық, бірлік, әлеуметтік әділеттілік құндылықтары жатқызылған.

Қазақстан – бұл бейбітшіліктің, ізгілік пен келісімнің мекені. Біз – әлемдік қоғам­дастықтың бөлшегіміз, ашық халықпыз, біртұтас ұлтпыз.

Ассамблеяның  басты мақсаты – қоғамдық келісімнің, мемлекеттік толысқандықтың, жауапкершілік пен ұлттық патриотизмнің діңгегі болу.

Біз – біртұтас халықпыз, біз бір елде тұрамыз және біздің тағдырларымыз да ортақ! Бұл бізді дағдарыстар мен өзгерістер дәуі­рінде күшті етеді, бұл бізді тарих дауылдарынан қорғап, жаһандық әлемнің кең жолына шығарады.

Біз Қазақстан халқын жанымыз бен жү­ре­гіміздің жылуын сақтап, толтыруға, адам­сүйгіш және ашықтық дәстүрлерін жалғастыруға шақырамыз.

Біздің жалпы мақсаттарымыз бен құн­ды­лықтарымыз, әр азаматтың өз  елінің өсіп-өркендеуіне үлес қосуы – бұл өмірді маз­мұн­мен, мемлекет пен адамды істермен толтыра алатын нәрселер.

XX сессия – бұл тек мерейтой ғана емес, бұл – тұрақтылық жолындағы нақты істер қорытындысы, бұл – әлемдік қоғамдастық таныған бейбітшілік пен келісімнің тәжірибесі!

Қазақстан халқы Ассамблеясы мынаған нық сенімді: Елбасының, Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқаған жолымен жүре отырып, біз алға қойған мақсаттарымызға жетеміз және игілікті, гүлденген Қазақстан құрамыз!

Астана, 2013 жылғы 24 сәуір.