• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2019

Шымкенттегі кəсіпкер балалар тапқан табыстарын қайырымдылыққа жұмсайды

922 рет
көрсетілді

Шымкентте 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында балалар жәрмеңкесі өтті. Аталған жəрмеңке «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен қалада екінші рет ұйымдастырылды. Арбаттағы шарада 6 мен 14 жасқа дейінгі 90 кəсіпкер бала тапқан табыстарының 10 пайызын қайырымдылыққа жұмсамақ.

«Shymkent» ӘКК басқармасының басшысы Рашид Аюпов балаларды мерекемен құттықтап, олардың белсенділік танытқан ата-анасына алғыс білдірді. Жәрмеңкені аралап, балалардың еңбегімен танысқан ол жасөспірімдердің өздері жасаған қолөнер бұйымдарын сатып алды.

«Өткен жәрмеңкеге қатысқан 70 баланың саны бұл жолы 90-ға артты. Біз алдағы уақытта балалардың жұмысын саралап, бірнеше бағытты дамытуға басымдық береміз», - деді Р.Аюпов.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер әлемнің 100-ден астам елінде өткізіледі. Жәрмеңкеге қатысу барысында балалар көшбасшылық, шешім қабылдау, қарым-қатынас дағдылары мен жауапкершілік сияқты қасиеттерді меңгереді.

Дайындық барысында балалар «Shymkent business school Y17» бизнес-мектебінде тренингтен өтті.

Саудадан түскен қаржының 10 пайызы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта робототехника кабинетін жабдықтау жөніндегі жобаны қаржыландыруға жұмсалады.