Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Салимовтың мәлімдеуінше, қала бойынша 100% сумен, ал облыстағы ауылдық елді-мекендер 69% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
2018 жылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша Бейнеу ауданының Боранқұл және Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылдарында 2 жоба іске асырылды.
Ал, 2019 жылы Бейнеу ауданының Сарға, Есет, Төлеп ауылдары мен Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Нәтижесінде, қамтамасыз ету көрсеткіші – 75,8 % жеткізілетін болады.
Бұдан басқа, орталықтандырылған сумен бұрыннан қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендерді, атап айтқанда жаңадан құрылысы салынып жатқан жер телімдерін қамту мақсатында жалпы 12 жоба іске асырылып жатыр, деді басқарма басшысы.
Қалалардағы орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету көрсеткіші – 93,1% құрайды.
«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасының аясында Шетпе ауылындағы 2 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде, АЕМ-гі орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету 2019 жылы 7,1 % жеткізілетін болады.
Сонымен қатар, 2019 жылы «Ақтау қаласындағы КОС-1 бастап КОС-2 дейінгі өздігінен ағатын кәріз коллекторының құрылысы» жобасын іске іске асуда. Бұл жобаны іске асыру тазартылмаған ағынды суларды КОС-2 алаңына айдауға мүмкіндік бермек.