• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2019

Маңғыстауда жүк көлігінен 13 460 000 дана темекі тәркіленді

950 рет
көрсетілді

Маңғыстауда шұғыл-іздестіру шарасының кезінде жалған құжаты бар 13 460 000 дана темекі тиеген жүк көлігі ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-іздестіру шарасы 1 маусым күні өткен. Полиция қызметкерлері DAF жүк көлігін тоқтатып, тексеру барысында МАС Extra filter blue темекісін тәркілеген. Көліктен 13 460 000 дана темекі табылды. «Бұл өнімді жалған құжат көрсетіп, контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Бұл дерек Маңғыстау облысы полиция департаментінің сотқа дейінге тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286 бабы 1 тармағымен тіркелді», делінген хабарламада. Мойындау жауаптары алынған. Қазір тергеу шарасы жүріп жатыр.