Бірінші ойында біздің қарсыластарымыз Доминикан Республикасының өкілдері болды, олар бірінші күні екі мәрте жеңіліске ұшырады. Ойын басталғаннан қарсыластар біліктілік таныта қоймады, ойын 12:18 есебімен аяқталды.
Екінші ойында қазақстандық команданың қарсыластары украиндық стритболшылар болды. Бұл матчта қазақстандық стритболшылар қарсылас қолынан жеңісті жұлып ала алмады. 10: 22 есебімен украиндықтарға жол беріп, Әлем Кубогында бой көрсетуді тоқтатты.
Айта кетерлігі, Қазақстан осы Әлем Кубогына тек жасөспірімдер командасымен қатысқан болатын. Оның құрамында: «АГУ Барыс Атырау» командасының ойыншылары - №5 Арсентий Кушнирук және №47 Виктор Верзун, Қапшағай « СДЮСШ» командасының ойыншылары - №1 Василий Белозор мен алматылық - №10 Дулат Ешмұхамбетов болды.