• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда латын аудиториясы ашылды

979 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтында латын графикасына оқыту аудиториясын ашу рәсімі өтті.

«Қалың жұртшылық латын графикасын рухани өркениеттің бір белгісі ретінде жылы қабылдап,  жаңа дәуірлік кезеңге көшу және жаңа ақпараттық кеңістікке шығу мақсатындағы іргелі бетбұрыс ретінде бағалайды. Латын графикасына оқыту аудиториясын ашу идеясы Үкіметтің 2018 жылғы 13 наурыздағы өкімімен бекітіліп, 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру іс-шаралар түзілген болатын», дейді аға оқытушы Гүлнәр Әлжанова.

Латын графикасына оқыту аудиториясын ашу рәсіміне М.Қозыбаев атындағы  СҚМУ-нің,  ішкі саясат, білім  басқармаларының өкілдері, курс тыңдаушылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Онда кітап көрмесі, құжаттар бойынша ақпараттық аймақ, іс-шаралар  фотоколлажы, латын тілінде жазылған электронды жинақтар мен  құжаттар туралы ақпараттар, стендтер қойылды.

«Дөңгелек үстел» барысында  емле ережелерін пайдалану, латын әліпбиі негізінде дұрыс  жазу мәселелері бойынша пікірлер ортаға салынды.  Өңір бойынша бірінші рет қолданысқа берілген кабинет жұмысы республикадағы  филиалдарға таныстырылды. Институттың бір топ оқытушысы  тіл білімі институты ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсының сертификатын иеленді.

Латын графикасына оқыту аясында  институтта дөңгелек үстел, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және интерактивті үзілістер сияқты іс-шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы