• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талқыланды

777 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аумақтық департаментімен бірлесіп ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде семинар-кеңес өткізді. Бұл туралы агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семинар-кеңеске департамент басшылығымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Махмуд, Агенттіктің аумақтық департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж. Маршакұлы, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалынан қоғам белсенділері Е. Іңірбайұлы, Б. Жайлов және А. Ертілеуова қатысты.

Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Н.Алмасқызы Агенттіктің басым бағыттарының бірі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екендігін, парақорлық сияқты қоғамды жайлаған кеселмен күресуге бүкіл жұртшылықты тарту міндеті тұрғандығын атап өтті.

Сонымен бірге, 2019-2020ж.ж. арналған Агенттік пен Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара іс-қимылдың Жол картасы, құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін көтеріп, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға алынып полиция қызметкерлерін адал болуға, әділдік пен шыншылдыққа шақыратын, қоғам ішінде оң имиджін қалыптастыруға бағытталған «Адалдық айнасы» жобасын оң тәжірибе ретінде ұсынды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Махмуд түсіндірме шараларының басты мақсаты қоғамда үрей туғызу емес, керісінше сыбайлас жемқорлықтың превенциясы, яғни алдын алу екенін айтты.

Әдеттегідей, департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж.Маршакұлы «Digital agent» мобильдік қосымшасымен таныстырып, көрсетілетін қызметтер нәтижесін бағалауға, қоңырау шалу арқылы аумақтық департаментке өз өтініштері мен оң пікірлерін қалдыруға мүмкіндік берілгендігін эксперимент негізінде көрсетті. Қызметкерлер сол бойда «Digital agent» мобильдік қосымшасын өз смартфондарына жүктеп, тиісті нөмірге қоңырау шалып, оператормен байланысып, ендігі жерде мемлекеттік органдарды жағаламай, үйде отырып та кез келген қызметке арыз-шағымын қалдыра алатындықтарына көздерін жеткізді.

Спикерлер қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныс пікірлерін тыңдап, назарға алатындықтарын жеткізді.