• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Маусым, 2019

Нұр-Сұлтанда жаңа саябақтар ашылады

303 рет
көрсетілді

Жақында Нұр-Сұлтан тұрғындары тағы да жаңадан ашылатын екі саябақта серуендейтін болады. Саябақтар Бейбітшілік және Келісім сарайынан бастап «Нұрлы жол» вокзалына дейін 6 шақырымды алып жатқан «Мыңжылдық» аллеясының бойында орналасады, - деп хабарлады қала әкімі Бақыт Сұлтанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Жоспарымыз бойынша Аллеяның өзі де – «Нұржол» бульвары, Президент саябағы, Бәйтерек, ғашықтар саябағы бойынша қаланың орталық белдігін жалғастыратын үлкен әрі демалушыларға ыңғайлы жасыл саябаққа айналады. Бульвардың нақ ортасында орналасатын жаңа Қазақ драма театры осы жердің ең басты нысаны болмақ. Ал оны бойлай ұлттық, азиялық және еуразиялық сәулет стилінде тұрғын үйлер салынады. Біз Аллеяның орталық бульварын жобалау бойынша конкурс жариялап қойдық. Ал жақында өткен қала құрылысының кеңесінде оны айнала қоршайтын тұрғын үй кешендерінің жобаларын қарадық.

«Мыңжылдық» ауданының жаңа келбетіне қалалықтар өз бағасын беретініне сенімдімін», - деп атады әкім.  «Мыңжылдық» аумағының ауданы 1,2 мың гектарға жуық. Аумақтың 10% игеріліп, жол және инженерлік желілерінің 50% салынды.