«Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. Белсенділік танытқан барша азаматқа алғыс білдіремін. 5000-нан көп ұсыныс түсті. Нақты айтатын болсақ, азаматтар әділдікті қалайды. Халықты толғандырған басты мәселе – табыс көзінің төмендеуі. Теңгенің девальвациясы халықты аландатады. Осындай әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселелерді шешу қажет. Соның бірі - тұрғын үй мәселесі. Тұрғын үйді қолжетімді ету – басты мәселелердің бірі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.