«Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. Белсенділік танытқан барша азаматқа алғыс білдіремін. 5000-нан көп ұсыныс түсті. Нақты айтатын болсақ, азаматтар әділдікті қалайды. Алтыншы бағыт ретінде әділетті әлеуметтік саясатты қарастырамыз. Жалпы білім беруді қолдау, тұрғындарға сапалы медициналық қызметті қолға алу керек. Мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылдаймыз», деді Мемлекет басшысы.