• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Маусым, 2019

Екі жасар сәби бесінші қабаттан құлап, мерт болды

420 рет
көрсетілді

Тілі былдырлап, құлыншақтай құлдыраңдап жүрген сәби терезеден құлаған кезде анасы мен аға-әпкесі үйде болған.

Қайғылы оқиға облыс орталығында орын алған. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламаға қарағанда,  бес қабатты үй биіктігінен құлағандықтан, бірден тіл тартпай келген. Ойын баласынан үйдегі анасы мен аға-әпкесі бір сәт көз жазып қалған. Ойнап жүріп, терезе жақтауына шығып кеткен. Оның ақыры жоғарыдай қайғылы жағдайға соқтырған.

«Былтыр терезе жақтауында жүрген кішкентай бала құтқарылған болатын.  Сәбиді көшеде өтіп бара жатқан тұрғындар байқап қалып, жедел тобын шақырған. Мұндай оқыс оқиғалар көп жағдайда ата-аналардың салғырттығынан туындап жатады. Сондықтан сақтық шараларын күшейтіп, өте абай болған жөн», дейді  департамент бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.