Екі жылда 25 медициналық нысан қолданысқа берілді. Соңғы бес жылда елді-мекендердегі бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың 63% жаңартылды. Ағымдағы жылы Арал, Қазалы аудандық орталық ауруханалары, 3 дәрігерлік амбулатория (Ақжарма, Бекбауыл, Өркендеу) қолданысқа берілді. Ал, Шиелі ауданында орталық ауруханасының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Денсаулық сақтау саласында облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жабдықтауға соңғы бес жыл ішінде 8 047,4 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдық сатып алынып, нәтижесінде медициналық ұйымдардың материалдық техникалық жабдықтармен жарақтандыру көрсеткіші 34,9% өсті.
Қызылорда облысы